ТАЙЫР ЖАРОКОВ

ТАЙЫР ЖАРОКОВ

(1908-1965)

 

 

Көрнекті қазақ ақыны Тайыр Жароков 1908 жылы 26 қыркүйекте Бөкейорда  мекенінде, кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Ауылдағы орыс-қазақ бастауыш мектебінде сауатын ашқан. 1923-1927 жж. Орынборда Қазақтың халық ағарту институтында, 1928-1932 жж. КазПИ-де оқып білім алады. Оны тәмәмдаған соң 1931-1935жж. Ленинградтағы тарих, философия және әдебиет институтының аспиранты болады. Кейін Тайыр Жароков Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастыру комитетінің хатшысы, Қазақ мемелекеттік баспасының редакторы, “Қазақ әдебиеті” газеті редакторының орынбасары, Жамбылдың әдеби хатшысы қызметін атқарады.

 

Ұлы Отан соғысы жылдары әскери қызметте болды. 1946 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстан мемлекеттік көркем әдебиет баспасында еңбек етті. Жароковтың “ Аэроплан”, “Жұлдыз жарығы” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылды. 30 жылдарда-ақ құнды шығармалары арқылы қазақ ақындарының алдыңғы легіне қосылды. Осы тұста жемісті еңбегі ретінде “Нефтьстан”, “Мотор жыры” , “ Өмір сөйлейді”, “ Күн тіл қатты”, “ Мұз тұтқыны”, “Тасқын”,” Отан дауысы”, “Нарын” секілді кітаптарынан байқауға болады. Өмір құбылыстарын көтеріңкі леппен, романтикаға бөлеп, екпінді жырлау, жаңалық атаулыны дер кезінде аңғарып, жырға арқау ету - Жароковқа тән қасиет. Оның ”Мотор жыры”, “Бес жылдықтың балғасы”, “Миллион толқын”, т.б. өлең-поэмалары осындай шеберлікпен жырланған. Отан соғысы жылдарында Отанымыздың ел қорғаған ұл - қыздары жайында “Совет сұңқарлары”, “Зоя туралы жыр” атты кітаптарын жариялады. Соғыстан кейінгі “Жеткіншек”, “Бақыт жырлары”, “Жапанды орман жаңғыртты”, “Костер басында”, “Қырда туған құрыш”, т.б. кітаптарында туған жерді көріктендіру, ел байлығын арттыру, халық игілігі үшін күрескен ерлердің бейбіт еңбегін жырлады. Ш.Руставели, А.С.Пушкин, Т.Шевченко, М.Лермонтов, Н.Некрасов, В.Маяковский, М.Алигер, А. Сурков шығармаларын қазақ тіліне аударды. 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, “ Құрмет белгісі” орденімен марапатталды.

 

Әдебиеттер

Жароков Т. Шығармалар жинағы. Т.1. Алматы: Қазмемекөркемәдеббас, 1960.-460 б.

Жароков Т. Таңдамалы шығармалар. Өлеңдер мен шығармалар. Алматы: Жазушы, 1974.

Т.1 . Өлеңдер мен поэмалар.- 376 бет.

Т.2. Өлеңдер мен аударма.- 424 бет.

Т.3. Өлеңдер мен аударма.- 424 бет.

Жароков Т. Костер жыры: Өлеңдер.- Алматы: Жалын, 1984.- 48 бет.

 

Ақын туралы

Ақбай,  Ж. Тайырдың өлмес жырлары [Текст]  /  Ақбай  //  Орал өңірі. – 1998.-24 қазан

 Ақбай,  Ж. Тайырдың өлмес жырлары /1908-1998 Ақын Т.Жароковтың туғанына 80-жыл/ [Текст]  /  Ақбай  //  Орал өңірі. – 1998.-24 қазан

Ақмурзин,  С. Ақын азамат /Т.Жароковтың туғанына 80жыл толуына/ [Текст]  /  Ақмурзин  //  Орал өңірі. – 1988.-30 тамыз

Анесова,  Л.Әдеби Ақжайық. Оралдың әдеби картасы [Текст]  /  Л. Анесова  //  Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. – 2019.- №4.- 33-36 б.

Балабасов,  К. Ақынды еске алғанда [Текст]  /  Балабасов  //  Орал өңірі. – 1988.-9 қыркүйек

Балабасұлы,  К. Ауылдағы кездесу [Текст]  /  Балабасұлы  //  Орал өңірі. – 1998.-17 наурыз

Балабасұлы,  К. Құм нарынның ұлдары [Текст]  /  Балабасұлы  //  Орал өңірі. – 1998.-28 қазан

Балабасұлы,  Қ. Ауылдағы кездесу /Тайыр Жароковтың туғанына 90 жыл/ [Текст]  /  Балабасұлы  //  Орал өңірі. – 1998.-17 наурыз

Балабасұлы,  Қ. Құм Нарынның ұлдары /Ақын Т.Жароковтың 90 жасқа толуына арнаймын/ [Текст]  /  Балабасұлы  //  Орал өңірі. – 1998.-28 қазан

Бейісқұлов,  Т. Кім қалай жазған? [Текст]  /  Бейісқұлов  //  Ақиқат. – 2004.-№8.-б.69-74

Бейісқұлов,  Т. Кім қалай жазған? ЖәрөкұлыТайыр [Текст]  /  Бейісқұлов  //  Ақиқат. – 2004.-N8.-б.69-74

 Жаданов,  М. Жылдар өтсе де ақынның  тұлғасы көз алдымда [Текст]  /  Жаданов  //  Жайық үні. – 2008.-28 тамыз.-(№35)

Жаданов,  М. Жылдар өтсе де, өшпейтін бейне [Текст]  /  Жаданов  //  Орал өңірі. – 2008.-18 қыркүйек.-(№107)

Жәнібек ауданы Тайыр Жароков атындағы совжоз туралы [Текст]   //  Орал өңірі. – 1992.-31 желтоқсан

Жұмағалиев Б, Асқаралы Тайыр ақын /Б. Жұмағалиев //Орал өңірі.- 2008.-16 қазан.-(№119).

Жұмағалиев Қ, Қайран, Тәкең! /Қ. Жұмағалиев //Егемен қазақстан.- 2009.-14 ақпан.-(№63-64).

Жұмағалиев Қ, Тайырдың ескерткіші осылай орнап еді /Қ. Жұмағалиев //Орал өңірі.- 2009.- 26 ақпан (№22).

Кенжеғалиева,  Гүлжамал. Құмдағы ауыл [Текст]  / Г. Кенжеғалиева  //  Oral oniri. – 2018.- 3 мамыр (№48).- 6 б

Кирабаев,  С. Тайырдың жаны баладай пәк еді. /Тайыр Жароков туралы/ [Текст]  / Егемен Қазақстан.-1998.-№243.-10 желтоқсан

Көшенов Ғ, Жетібайдағы жүздесу /Ғ. Көшенов //Орал өңірі.- 2008.- 26 маусым.-(№73).

Көшенов Ғ, Жетібайдың Қанаттыкөгі /Ғ. Көшенов //Ана тілі.- 2008.- 27 қараша.-(№48).

Қажгереева Л, Өз заманының ешкімге ұқсамайтын жыршысы /Л.Қажгереева //Жайық ұстазы.- 2008.-4 маусым (№11).

Мұратұлы С, Тайырдың тойы дүрілдеп өтті /С. Мұратұлы //Орал өңірі.- 2008.- 21 қазан (№121).

Наурзин Ғ, Өз кезеңін жырлап өткен ақын /Ғ. Наурзин //Орал өңірі.- 2008.-                25 қыркүйек (110).

Нәріков А, Өлеңмен өткен өмір  /А. Нәріков //Орал өңірі.- 2008.- 25 қыркүйек.-(№110)

Өтеғалиев,  Ж. Ақын ағаны көргенде [Текст]  /  Өтеғалиев  //  Орал өңірі. – 1988.-21 қыркүйек

Рахымбек С, Тау суындай тасқынды /С. Рахымбек //Алматы ақшамы.- 2008.-20 қыркүйек (№111).

Сәбиева А, Ақындар қос алыпты жырға қосты /А. Сәбиева //Орал өңірі.- 2008.-23 қазан.- 5 б.

Сәрсенбаев Ә, Жолдас, Тайыр Жароков: Өлең /Ә. Сәрсенбаев //Әдебиет айдыны.- 2008.- 28 тамыз (№35).

Сейтақ Ғ, Елім деген ерлердің ескерткіші тұрса, игі /Ғ. Сейтақ //Орал өңірі.- 2008.- 29 мамыр (№61).

Сейітов С, Ақын және уақыт /С. Сейітов //Әдебиет айдыны.- 2008.- 28 тамыз (№35).

Сейітов С, Дәуір деңгейі /С. Сейітов //Орал өңірі.- 1988.- 30 қыркүйек.

Сейітов С, Дәуір деңгейінен /Т.Жароковтың туғанына 80 жыл, творчествосынан //С.Сейітов //Орал өңірі.- 1988.- 30 қыркүйек.

Сейітов С, Талант тағылымы /Ақын Тайыр Жароковтың туғанына 80 жыл //С.Сейітов //Соц. Қазақстан.- 1988.- 25 қазан.

Сәбиева,  А. Ақындар қос алыпты жырға қосты [Текст]  /  Сәбиева  //  Орал өңірі. – 2008.-23 қазан.-Б.5

Сәрсенбаев,  Ә. Жолдас, Тайыр Жароков [Текст]  : Өлең /  Сәрсенбаев  //  Әдебиет айдыны. – 2008.-28 тамыз.-(№35)

Таубаева А, Тайырдың тұңғышы /А.Таубаева //Жайық ұстазы.- 2008.-10 қыркүйек.-(№18).

Таубаева А, Тайырдың тұңғышы /А. Таубаева //Ана тілі.- 2008.- 27 қараша (№48).

Төлеуғали,  Айым. Өмірді сөйлеткен ақын [Текст]  / А. Төлеуғали  //  Oral oniri. – 2018.- 2 қазан (№113).- 12 б

Туған елі қос қыранға тағзым етіп //Орал өңірі.- 2008.- 23 қазан.- 4 б.

Хамзақызы,  Мира. Тарлан талантқа тағзым [Текст]  / М. Хамзақызы  //  Жайық үні. – 2018.- 13 желтоқсан (№49-50).- 8-9 б

Шарабасов С, Өмірді сөйлеткен ақын /Ақын Т.Жароковтың туғанына 90 жыл /С.Шарабасов //Жайык үні.- 1998.- 29 қазан.

Шаштайұлы Ж, Жайықтың бойы ен жазық /Ж. Шаштайұлы //Қазақ әдебиеті.- 2008.-24 қазан (№43).

Шәмшединова Г, Туған жердің Темірқазығы /Г. Шәмшединова //Орал өңірі.- 2008.-14 қазан (№118).

Ширмединұлы,  Бауыржан. Жайық жұрты "Тарлан талантын" еске алды [Текст]  / Б. Ширмединұлы  //  Oral oniri. – 2018.- 13 желтоқсан (№144).- 6 б

Шүйіншәлиева,  М. Тайыр ақын- халқының жүрегінде [Текст]  /  Шүйіншәлиева  //  Орал өңірі. – 1998.-4 қараша