Талантливые дети

Орал қаласындағы №1 ЖОББМ-тің 11 сынып оқушысы

Асылбек Әкімов

 

 

Адамға алдымен білім керек екендігін Асылбек жақсы түсінеді. Сондықтан математика, тарих, әдебиет пәндерін жақсы көреді.Тарих, математика пәндері бойынша мектепаралық олимпиадаларға қатысады.

Сыныптастарымен, өзге де достарымен қарым-қатынасы қалыпты түрде жақсы. Ұстаздарын алдарынан кесіп өтпей сыйлайды, қадірлейді. Мінезі орнықты, ақкөңіл.

Бастысы, ол сергек, шымыр, денсаулығы жақсы. Себебі, тұрақты түрде спортпен шұғылданады.2010 жылдан бері күреске шындап ден қойған Асылбек бүгінде чемпион дәрежесіне көтерілді.Мектептің мақтанышына айналды. Асылбектің спорттағы жеңістерін атап айтар болсақ:

Самбо күресінен XXX жазғы олимпиада ойындарының аудандық жарысынан III орын.Ақсай қаласы, 2011 жыл.

«Ауырту әдісінің патшасы» кубогі үшін самбо күресінен III орын. 2012 жыл.

Спорт күні кәсіби мерекесіне арналған самбо күресінен жасөспірімдер арасында ашық БЖСМ біріншілігінде III орын. 2013 жыл.

XXX жазғы Олимпиада ойындарына арналған патриоттық акция шеңберінде самбо күресінен III орын. Орал қаласы, 2013 жыл.

1999-2001 жылдарда туған жасөспірімдер арасында өткен, дзюдо күресінен Батыс Қазақстан облысының чемпионатында I орын. 2014 жыл.

(мәлімет алынды: Бала би.-2014.- №10)

 

БҚО, Сырым ауданы, Жамбыл ЖОБМ-тің 9 сынып оқушысы

Меңсұлу Сәрсен

 

 

2013-2014 оқу жылында Орал қаласында өткен Қадыр оқуларында 13 аудан, қаладан қатысқан балалардан озып, бас жүлдені жеңіп алды.Меңсұлу Қадыр Мырза-Әлидің анау-мынау емес, 85 өлеңін жатқа біледі екен. Комиссия мүшелері сонда 85 өлеңнің әр жерінен сұрапты. Меңсұлу мүдірмепті. Қандай зеректік. Мұнан соң «Балдәурен» фестиваліне қатысып, облыста екінші орынды иеленіпті. «Бозторғай» бағдарламасында өлең оқып, көрерменді таңырқатыпты.

2015 жылы халқымыздың данышпан ақыны Қадыр Мырза-Әлидің туғанына 80 жылуына орай Алматыдағы Ұлттық кітапханада, өткен қаңтар айының басында, «Қадыр Мырза-Әли» қорының және кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен еске алу кешіне қатысқан Меңсұлу жылап тұрып жаңылмай өлең оқыпты. Арманы өскенде журналист болу екен.

(мәлімет алынды: Бала би.- 2015.- №3)

 

 

БҚО, Теректі аудандық «Үміт» лингвистикалық гимназиясының

9-сынып оқушысы Алтынбек Мерсадықов

 

 

 «Үміт» лингвистикалық гимназиясының 9 – сынып оқушысы Алтынбек оқу озаты. Өлең-жыр жазуға бейім, ақындық қабілеті бар. Гимназиядағы «Жас қаламгерлер» үйірмесінің белсенді мүшесі.

Бірыңғай «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы. Ұжымдық жұмыстарға белсене араласады.Аудан, облыс көлеміндегі байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүр:

       2012 жылы аудандық Махамбет оқуларының «Тартынбай сөйлер асылмын» бөлімінен I орын;

2013 жылы аудандық «Жұбан оқулары» байқауында  II орын;

       2013 жылы аудандық XV Абай оқулары байқауында «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бөлімі бойынша I орын;

      2014 жылы облыстық «Абай оқуларында  II орын иеленді.

      2014-2015 оқу жылында аудандық III Қадыр оқуларының  «Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін» бағамы бойынша I орын иеленді.Міне, бұл Алтынбектің ақындық қабілетіндегі жетістіктері. «Жайық Ұландары –

болашақ қырандары» облыстық слетте Алғыс хат тапсырылды.

(мәлімет алынды: Бала би.- 2015.- №6)

 

Орал қаласындағы А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының 3 «д» сыныбының оқушысы Айша Есполқызы

 

        А.Тайманов атындағы №34 мектептің 3- сынып оқушысы Айша оқу озаты. Мектеп табалдырығын аттағаннан бері «Шұғыла» би тобының құрамында өнер көрсетеді. Қалалық «Нұрлы жол» байқауына қатысып, II орын иеленді.

       Қалалық «Танцевальный калейдоскоп», «Өнерлі бүлдіршін», «Балдәурен – 2015» байқауларына қатысты.

        2015 жылы Астана қаласында өткен IX халықаралық “Ақ көгершін» байқауына қатысып, бас жүлде алды. Осы жылы қараша  айында Алматы қаласында өткен «Күн шуақ» республикалық би байқауында I орынға қол жеткізді.

(мәлімет алынды: Самал.- 2016.-№5.- 6 б.)